Атырау, 28 қараша 16:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Дәрігерлер балама «әріптестеріне» қарсы шықты

1 348 просмотра

Жақында ғаламторда «балама» медиктердің нәрестені «қиып жатқан» видео тарады. Бұл оқиға медицина қауымының сынына ұшырады.

Денсаулық сақтау министрлігіне жолданған және 5 мыңнан астам қазақстандық дәрігер қол қойған петицияда кәмелетке толмағандарға қатысты баламалы медицинаны реттеу шараларын алу талап етіледі.

«Көптеген азаматтар түрлі себеппен көптеген аурулар мен дерттерді емдеуге уәде беретін осындай «медицина орталықтарының» жарнамасына сеніп қалады. Мұның дәлелді медицинаға еш қатысы жоқ және көбінесе бұл ашық алаяқтық пен халықты алдау. Құр уәденің әсерінен ересектер осы орталықтарға жүгініп, балаларын әкеліп, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Біз Денсаулық сақтау министрлігінен баламалы медицинаны, әсіресе оны кәмелетке толмағандарға қолдануды реттеу және бақылау жүйесін енгізуді және сол арқылы балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұраймыз... Атап айтқанда, хиджама денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін, жарақаттарға, инфекцияларға, соның ішінде АҚТҚ, В және С гепатиттеріне, тіпті өлімге әкелуі мүмкін», - делінген хатта. Мұнда айтылған ұстанымды атыраулық дәрігерлер де толық қолдап отыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТ атышулы видеоға қатысты тексеру ұйымдастыруға уәде берген болатын.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 ақпан 2023, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.