Атырау, 28 қараша 15:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Антикор кәсіпкерге ақшасын алуға көмектесті

1 038 просмотра

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер Құрманғазы аудандық ауруханасын азық-түлікпен жеткізгені үшін 1 миллион 22 мың теңгенің ұзақ уақыт аударылмағаны туралы арызбен жүгінген.

Антикор облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарамағындағы мекеменің әрекетінің заңдылығына қатысты сауал жолдады.

- Өткен жылдың 27 тамызындағы келісімшарт бойынша барлық ақша 30 желтоқсанға дейін түсуі керек еді, бірақ кәсіпкер бір ай бойы төлем ала алмаған соң, 25 қаңтарда бізге жүгінген. Нәтижесінде жақында ол ақшасын алды, - деп хабарлады Антикор.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 ақпан 2023, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.