Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өңірде субсидиялау, кепілдеме беру, жеңілдікпен микрокредиттеу және мемлекеттік гранттар беру қарастырылған «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» жоспары жүйелі жүзеге асып келеді.
Бұл жерде субсидиялау дегеніміз – банктердің бизнесті дамытуға беретін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін төмендету деген сөз. Ал кепілдеме беру – банктердің несиелері бойынша кепілзат ретінде ішінара кепілдік беру болып табылады. Бұл құжатты бұған дейінгі жасап шығарылған мемлекеттік бағдарламалардың барлығын кірістіре отырып, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген.
- Ұлттық жоба шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде несие сомасы 35,6 млрд теңге құрайтын 1176 кәсіпкер жобасы субсидияланды. Енді 1636 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде,- деді Н.Жаңабеков. Толық ақпарат алу үшін Атырау қаласы Азаттық даңғылы, 17 мекенжайында орналасқан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Атырау облысы бойынша аймақтық филиалына хабарласа алады. Байланыс телефоны: 8(7122)55-80-91.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА