Boeing компаниясы 747 моделін шығаруды ресми түрде тоқтатып, қоштасу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Басты себеп - тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне байланысты 747
моделін шығару қысқарды. Содан кейін компаниялар үнемді екі моторлы кең
фюзеляжды ұшақтарды дамыта бастады. Ал 2020 жылдың шілдесінде Boeing
747-нің өндірісі тоқтайтынын жариялады.
Boeing 747 - компанияның өзі мәлімдегендей "көптеген
адамдарға бұрынғыдан да жылдам әрі арзан ұшуға мүмкіндік беретін алып
ұшақ". Boeing 747 тарихы сонау 1960-жылдардан басталады, сол кездері
ұшақпен ұшу танымал бола бастаған. Сол кезде әуеқұрастырушы компания
көбірек адам сыятын ұшақ шығаруды қолға алған.
Бұл моделді іске қосу үшін 50 мың адам жұмылдырылған (қарапайым жұмысшы мен басқарушы топ). Ол үшін Эверетте завод ашылды. Бұл көлемі жағынан әлемдегі ең ірі ғимарат - 5,6 миллион текше метр. Ұшақ құрастыру 1967 жылы басталып, 1969 жылы тәжірибеден өткен. 747 моделі көлемді жүктерді тасымалдауға да жарайды, сол себепті оның ұшқыштар отыратын кабинасы биікке көтерілген. Соның арқасында бұл модель танымал. Сол жылдан бері түрлі модификациядағы Boeing 747 ұшағының 1574 данасы шығарылған.