Атырау, 22 наурыз 18:18
 ашықВ Атырау +10
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

«Ладалар» тұтанғыш болады

850 просмотра

Өткен жылы Атырау облысының аумағында автокөлік өртінің 16 жағдайы тіркелген (2021 жылы - 6). Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Дәурен БЕРДЕНОВ брифинг барысында мәлім етті.

Көп жағдайда электр токтарының қысқа тұйықталуы себеп болып отыр. Қаза тапқандар жоқ.

Д.Берденовтің айтуынша, әдетте 2001-2010 жылдары шығарылған автокөліктер мен ВАЗ маркалы автокөліктер өртенген. Ол автокөлікті дер кезінде техникалық бақылаудан өткізіп тұруды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер 

2 ақпан, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.