Алдағы аптада Польша Украинаға немістердің 14 Leopard танкін береді. Свентошув ауылында Еуропадағы ең заманауи leopard оқыту орталықтары орналасқан және украинаның әскери күштері дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Еуроньюске» сілтеме жасап.
Елдің Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, алғашқы жеткізілім аясында Украина 140-қа дейін жаңа танк алуы мүмкін.
Украина одақтастардан Ресейдің әуе әскери агрессиясына қарсы тұру үшін F-16 жойғыш ұшақтарын беруді сұрайды. Ригадағы кездесуде Балтық және Польша СІМ басшылары Украинаның өтінішін қолдады.
«Біз әрекет етуге тиіспіз», — деді Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу.
Лондон мен Вашингтон әзірге жойғыш ұшақпен жабдықтау идеясынан бас тартты. АҚШ президенті Джо Байден аталған мүмкіндік туралы сұраққа тағы да жоқ деп жауап берді. Сонымен бірге ол телефон арқылы Украинаның қару-жараққа деген қажеттілігі туралы президент Владимир Зеленскиймен сөйлесетінін айтты.
Мәскеуде Ресей күштері Бахмут маңындағы Благодатное ауылын басып алып, АҚШ пен Франциядан ондаған әскери техниканы жойды деп мәлімдеп отыр. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі инженерлік барлауға, жолдарды қалпына келтіруге және әскери жүктерді алып жүруге арналған арнайы пойыздың әскери қызметкерлерінің жұмысымен бейнекадрлар жариялады.