Атырау, 28 қараша 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құрманғазы ауданында балық өңдеу цехы салынуда

1 278 просмотра

«Каспий Балық» өндірістік кооперативі Бірлік ауылындағы «Қызыл-оба» жерінен жаңадан балық өндеу цехын салуды қолға алды. Цех құрылысы Ресей елінің Нижний-Новгород қаласындағы «Атлантик-лайн» ашық акционерлік қоғамының көмегімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Цехтың құрылысы заманауи инженерлік жоба бойынша қарастырылған. Яғни қабырғасы сэндвич-панельден, керамзит тастан, төбе шатыры металлопрофильден құрастырылған. Бүгінде 30 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеуде.

- Цехта тәулігіне 30 тонна балықты өңдеу жоспарлануда. Цехта  тұрақты 104 адам, уақытша 50 адам жұмыс жасайды,- деді А.Сәдібекұлы.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

3 ақпан 2023, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.