Атырау, 28 қараша 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оқуға түсе алмаған түлектер жұмыспен қамтылады

1 024 просмотра

Биылдан бастап ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыса алады. Аталған жоба аясында жыл аяғына дейін 300-ге жуық жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті.

- Жастарды қолдау бағытында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу кезеңі ұзартылып, еңбек ақылары да ұлғайтылды. Бұрын жастар практикасына жолданған жастардың еңбек ақысы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсе, қазір 30 айлық көрсеткішке (103 500 теңге) дейін өсті, жұмыс мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін. Алғашқы жұмыс орны жобасына қатысу кезеңінің ұзақтығы 1 жылдан 18 айға дейін, еңбекке төленетін ақы мөлшері 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейіп отыр. Биылдың жаңалығы «Алғашқы жұмыс орнына» ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер де қабылданады, - деді А.Мәмбетов. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

31 қаңтар 2023, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.