Cурет: Анадолу
Ауғанстанда 170 адам қалың қар мен суық ауа райының құрбаны болды. Бұл туралы Ауғанстанның табиғи апаттар министрлігінің спикері Шавиулу Рахими мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
«Соңғы үш аптада Ауғанстанның 34 провинциясының 24-індегі суық ауа райы мен қар салдарынан барлығы 170 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қайтыс болды. Сондай-ақ 30 әйел мен бала жарақат алған», - деді Рахими.
Ол осы кезеңде 150 тұрғын үй толығымен қираған немесе ішінара зақымданып, 80 мыңға жуық мал қырылғанын атап өтті.
Рахими халықаралық гуманитарлық агенттіктерді ауған отбасыларына көмек көрсетуге және қыстан аман өтуге көмектесуге шақырды.
Ауғанстанда орталық жылыту жоқ және адамдар қыста жылыну үшін көмір, ағаш немесе сұйытылған газды жиі пайдаланады. Ал көмірқышқыл газының бөлінуі жиі болған жағдайда адамдардың құрбан болуына әкеледі.