Атырау, 24 қараша 03:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Шетел агенті" деп танылған Қалмақияның бас ламасы қызметінен кетті

940 просмотра

Қалмақияның бас ламасы, тибеттік Далай-ламаның Моңғолия мен ТМД елдеріндегі ресми өкілі Тэло Тулку Ринпоче (Эрдни-Басан Омбадыков) "шетел агенті" деп танылғаннан кейін қызметінен кетті. Бұл жөнінде Азаттық радиосы республиканың орталық храмы ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Ресей әділет министрлігі Эрдни-Басан Омбадыковты "шетел агенті" тізіміне 27 қаңтарда енгізген. Ведомство қалмақ буддистері жетекшісі Ресейдің Украинаға басқыншылығына қарсы шыққанын алға тартып, оның АҚШ азаматтығы барын да еске салған.

Тэло Тулку Ринпоче – Ресейде соғысты жұрт көзінше сынаған алғашқы діни тұлға. Былтыр күзде ол украин жағының әрекетін қолдаған. Ол соғысты "үлкен қасірет" деп атап, оның керегі жоғын айтқан.

"Кейінгі екі күнде көп адам мені "шетел агенті" тізіміне енгізгеніне алаңдап, жанашырлық танытып жатыр. Жұмысымды жоғары бағалағаны үшін оларға алғыс айтамын. Қалмақия халқы мен буддизм ізбасарларына осындай қиын шақта ержүректік танытып, жанашырлық, махаббат пен ізгілік идеалдарына айнымастықты тілеймін. Будда ілімі де соған негізделген" деді өзінің қызметтен кеткені туралы жазған бас лама.

2022 жылы күзде Idel.Реалии Омбадыков Моңғолияға саяси себеппен қоныс аударды деп жазды. АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын қалмақ эмигранттарының отбасында дүниеге келгендіктен, оның АҚШ азаматтығы да бар. Ол Ресейде қалып, өмірін қауіпке тіккісі келмегенін айтқан.

30 қаңтар 2023, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.