Атырау, 28 қараша 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бейтаныс нөмірден қоңырау шалғандарға сенбеңіз

967 просмотра

Атырау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Закарьян РАЗГАЛИЕВ брифингте мәлімдегендей, өңірде былтыр тіркелген 720-дан астам интернет алаяқтық істің бүгінде 130-ы ашылған. Қалғаны бойынша  әлі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

- Өткен жылы тіркелген деректердің басым көпшілігі тауарды онлайн сатып алу және онлайн несие рәсімдеу туралы болған. Тұрғындардың жаппай алаяқтарға алданбауы үшін үнемі сақтық шараларын түсіндіріп жатсақ та, бұл істің азаяр түрі жоқ, - деді З.Разгалиев.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Асланбек ҚАБЕСОВ алаяқтардың құрығына түспеу үшін қандай сақтық шараларын қолдану керек екенін атап өтті.

Сізге қоңырау шалып, бірден ақша жайында әңгіме қозғаған адамға, ол өзін кім болып таныстырса да сенбеңіз. Бейтаныс адамның айтқанын істеп, ол айтқан нұсқауларды орындамаңыз, әсіресе оған өзіңіз туралы ақпарат бермеңіз. Күмән туғызатын қосымшаларды жүктемеңіз, - деді А.Қабесов. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің call-орталығына «1459» нөмірі бойынша қоңырау шалып, қосымша кеңес алуға болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қаңтар 2023, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.