Атырау, 28 қараша 16:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда мектеп мұғалімінен А гепатиті анықталды

1 169 просмотра

Привокзальный ықшамауданындағы орта мектептердің бірінің мұғалімінен жедел жұқпалы ауру анықталды.

«АЖ» дереккөздерінің хабарлауынша, 35 жастағы бастауыш сынып мұғалімі қаңтар айының басында өзін нашар сезініп, 14-і күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Қалалық білім бөлімі мұны жазбаша растап, 12 және 13 қаңтарда мұғалімнің денсаулығына байланысты сабаққа қатыспағанын нақтылады. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты екі күн бойы облыс орталығындағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшкен еді.

Одан әрі қалалық білім бөлімі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап, осы жағдайдан кейін оқушылардың денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіліп тұратынын, егер олар үш күннен астам сабаққа қатыспаса, олардың учаскелік дәрігердің анықтамасы болған жағдайда ғана сабаққа қатысуға рұқсат етілетінін хабарлады. Мұғаліммен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынған, барлық оқушының жеке медициналық картасы мен мұғалімдердің санитариялық кітапшалары тексерілген.

«Кабинеттерді міндетті түрде дезинфекциялық құралдарды қолданумен күнделікті тазалау және толық тазалау жұмыстары ерекше бақылауға алынған. Белсенді ішу режимі сақталады, санитариялық-ағарту жұмыстары аясында дәрістер мен әңгімелер өткізіледі. Қазіргі уақытта басқа ауырғандар анықталған жоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылы 26 мамырдағы № ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес, гепатит инфекциясы анықталған жағдайда мектепті карантинге жабу талап етілмейді. Науқас мұғалім қазір стационарлық ем алып жатыр», - делінген мекеменің жауабында.

Еске салсақ, 17 қаңтарда қала мектептерінің бірінің директорына «ашық туберкулез» дигнозы қойылған болатын. Ал осыған орай өткен шұғыл баспасөз мәслихатында «спикерлер бір айдағы екінші төтенше жағдай туралы неге үнсіз қалды?» деген сұраққа қалалық білім бөлімі: «Өйткені өңірлік коммуникациялар қызметінде 19 қаңтарда өткен брифинг мектеп директорында анықталған туберкулезге арналды» деген таң қаларлық жауап берді.

Кездейсоқ па, жоқ па, бірақ 21 қаңтарда қалалық білім беру бөлімінің Фаруза ШӘҢГЕРЕЕВАНЫҢ өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны белгілі болды. Содан кейін облыс басшылығы оны «құрметті демалысқа шығуына байланысты» алғыс хатпен марапаттады.

Лев ГУЗИКОВ

«АЖ» анықтамасы.
Вирусты А гепатиті (ауызекі тілде «Боткин ауруы» немесе «сары ауру») –  тамақ пен су арқылы жақсы таралатын вирустан туындайтын бауырдың жедел жұқпалы ауруы. ДДСҰ деректері бойынша жыл сайын, көбінесе әлеуметтік-экономикалық дамуы төмен елдерде 1,4 миллионға жуық адам А гепатитін жұқтырады.

29 қаңтар 2023, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.