Атырау, 26 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт хроникасы

Бейнежазба
1 701 просмотра

Атыраулық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өткен халықаралық Гран-при турнирінде алтын алқа жеңіп алды.

Финалда Әбиба жерлесі Ғалия Тынбаевадан басым түсті.

* * * * *

Бангкокте бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Мұнда Қазақстан құрамасы өте сәтті өнер көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 6 қола алқа жеңіп алды.

Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін) және Махмуд Сабырхан (57 келіге дейін) Азия чемпионы атанды. Күміс алқаны Абзал Серік (67 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (71 келіге дейін) және Диас Молжігітов (75 келіге дейін) жеңіп алды. Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін), Ерасыл Жакпеков (80 келіге дейін), Ерхат Бекзат (92 келіге дейін), Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары) және біздің атыраулық спортшы Ақнар Ищанова (66 келіге дейін) үшінші орынды місе тұтты.

* * * * *

№1 БЖСМ залында ауыр атлетикадан Атырау қаласының жасөспірімдер чемпионаты өтті.

Өз салмақ дәрежесінде Сұлтанәлі Сұлтанбекұлы, Нұрасыл Асанұлы, Асылбек Мейірбек, Алмаз Оңғаров, Жолдасқали Асылбек, Илья Вяхирев, Әділ Жекентаев, Елхан Бауыржанұлы, Владимир Запрометов және Бектұрған Олжас жеңімпаз атанды.

* * * * *

Атырауда қазақ күресінен 2006-09 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық іріктеу біріншілігі өтті. Оған 150-ге жуық спортшы қатысты.

– Ақпанның басында Семейде ел чемпионаты өтеді. Ол жерге бірінші кезекте қазір жүлделі орындарға ие болғандар барады, – дейді жаттықтырушы Аманжол Ықыласұлы. – Бұл Бекзат Мұхамбетов, Диас Өтеген, Біләл Жалғасбай, Азат Файзи, Алтынбек Ақылбек, Асылхан Сәрсенбай.

* * * * *

Атырау командасы - 2008 жылғы және одан кіші ұлдар, 2010 жылғы және одан кіші қыздар Қостанайда жүзуден ҚР чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

«Қысқы демалыстар» чемпионаты Қазақстанның 10 облысынан 200-ге жуық қатысушының басын қосты. Атыраулық қатысушылардан алтын алқаны Қ.Әлихан (еркін жүзінде 50 метр) мен А.Арман (50 метр брасс), эстафетада күміс алқаны Б.Кокорев, А.Арман, Д.Сафронов және К. Әлихан жеңіп алды.

Сонымен қатар, Б.Батығұлов (100 метрге брасс әдісімен жүзу), А.Сабырова (50, 100 метрге арқамен жүзу және 200 метрге кешенді жүзу), Қ.Әлихан (100 және 200 метрге еркін жүзу) күміс жүлдегер атанды. Эстафетада қыздар командасы (А.Сабырова, Диана Гилманова, Маргарита Рамазанова және Әлима Назар) үшінші орынға ие болды.

* * * * *

Атырауда 5-6, 7-8, 9-11-сынып оқушыларының спартакиадасы өтті.

Бағдарламада спорттың 11 түрі (волейбол, баскетбол, футзал, футбол, стритбол, тоғызқұмалақ, гандбол, асық ату, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс) болды. Ш.Уәлиханов атындағы Индер мектебінің 5-6 сынып оқушылары гандболдан, Жылыой ауданы №3 мектептің 9-11 сыныптар командасы «5 асық» сайысында мықты атанды. Ал жалпы есепте Құрманғазы ауданының оқушылары командасы 1-орынға, Атырау қаласы 2-орынға, Индер ауданы 3-орынға ие болды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2023, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.