Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша қызмет көрсету жалғасуда. 4 күн ішінде атыраулық 39 шетелдік көлік иелері темір тұлпарларына мемлекеттік нөмір алды.
Әрине, өтініш бергендер көп. Мамандардың айтуынша, тіркеуге өтініш берген шетелдік көлік иелерінің басым бөлігіне келісім берілген. Алайда заңдастырудың соңғы кезеңдерінде сұралған құжаттарының толық болмауына байланысты әзірге мемлекеттік нөмір алу мүмкіндігі болмай тұр. 4 күннің ішінде криминалист мамандар тексерген көліктер арасында бірде-бір іздеуде тұрған немесе ұрланған автокөлік анықталмаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет