Күні кеше әлеуметтік желіде Атырауда сәбидің бетін ұстарамен тіліп, ем жасап жатқан видео пайда болды. Бұл видеоға Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТ түсініктеме беріп, оның қаншалықты заңды екенін және сәбиге қан алу процедурасын жасағандар жазалана ма, жоқ па деген сауалға жауап алдық.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, хиджама – лицензия талап ететін медициналық қызмет түріне жатпайды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл дерек бойынша оның тапсырмасымен тексеріс жүргізуді бастаған. Ғиният лицензиясыз кез келген медициналық қызмет көрсету заң бойынша тікелей жауапкершілікті қарастыратынын еске салды.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлады. Полиция қызметкерлері жинаған барлық құжат Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жіберілген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған сурет
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:
Хиджама сөзі араб тілінен аударғанда «сору» деген мағынаны білдіреді. Оның екінші мағынасы -«жаман нәрсенің бәрін шығару». Хиджамамен қан алдыру –өте көне әдіс, оны майя үндістері, ежелгі Мысырда, ежелгі Қытайда, ежелгі Үндістанда қолданған. Қазір араб елдерінде кең таралған. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылмандарға хиджама жасауды сүннет қылғандықтан салт-дәстүрлер сақталған. Көбінесе хиджама мұсылман елдерінде жиі кездеседі.