Атырауда қоғамдық көліктерде жолақысын төлемей ұсталғандарға 1 ақпаннан бастап 2 АЕК көлемінде (6900 теңге) айыппұл салынады. Ата-аналардың оқушы-балаларының карточкасын пайдаланып, электронды құрылғыларға соғу арқылы тегін жүруі көбейіп кеткендіктен "Смарт Атырау" осындай шешімге келген.
«СмартАтырау» КМК директоры Арслан АРОНОВТЫҢ айтуынша, қазіргі кезде қоғамдық көліктерге рейд жүргізілуде. Жолақы төлеуден жалтарғандарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 622-бабының 2-тармағына сәйкес айыппұл салынады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ