Атырау, 28 қараша 16:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы BINOM мектептері туралы: «Бұл балаларды тіркеу емес, алдын ала мониторинг жасау»

2 080 просмотра
Аzattyq.org сайтынан алынған көрнекі сурет

24 қаңтарда көптеген ата-ана Атырауда келесі оқу жылынан бастап екі BINOM мектебінің ашылатыны, егер балаларын сонда оқытқысы келетіндер болса, қазір баласы оқып жатқан мектепке жазу керек деген хабарламалар ала бастады. Осыған байланысты ата-аналарда көп сұрақ туындады. Мұны анықтауға тырысып көрдік.

Қаладағы мектептердің директорлары қалалық білім бөлімінен нұсқау алғанын алға тартты. Біз де осы бөлімнен түсініктеме алмақ болдық.

– Иә, шынымен кеше қаладағы барлық мектепке (бізде 63 мектеп бар) BINOM мектептерінде білім алғысы келетіндердің саны туралы сұраныс жібердік, – дейді қалалық білім басқармасының жалпы білім беру секторының меңгерушісі Ақмарал ЕРМЕКОВА. – Бұл мектептерде қанша бала оқуға барады, қанша бала қазақ тілінде, қаншасы орыс тілінде және жастары қаншада екенін білу үшін  алдын ала мониторинг жүргізу мақсатында жасалды. Яғни, «жазылу» емес, біз мектептерден балалардың аты-жөнін сұратқан жоқпыз, тек саны ғана керек.

Бұл мектептер уақытында ашыла ма, құрылыс салушы компанияның қандай құралдары бар екенін біз білмейміз. Мектептер қазір құрылыс сатысында болғандықтан, олар әлі лицензия алған жоқ - ол құрылыс аяқталған соң және бүкіл нысан тапсырылғаннан кейін ғана беріледі: бұл барлық кабинеттің жабдықталуын, кадрлардың жинақталуын санитариялық дәрігерлердің рұқсатын және т.б. қамтиды. Осыдан кейін ғана олар балаларды оқу орнына қабылдай алады. Емтихан немесе әңгімелесу арқылы қабылдана ма, бізге әзір белгісіз.

- Тіркелген жері ше? Өйткені, қай жерде орналасқанына қарамастан, қаланың барлық мектебінде хабарландыру болды. Ал өтініш берушілер тым көп болса ше?

– Мектептің әрқайсысы 2000 оқушыға арналған деді, олар бір ауысымдық па, әлде екі ауысымдық бола ма – ол да әлі белгісіз. Білесіз бе, қазір көп мектепке балалар әр ауданнан келіп оқиды, кейбір мектептерде оқушы санын азайту өте пайдалы болар еді. Ата-анадан дүрлікпеуді сұраймыз, бәрі де баланың игілігі үшін жасалып жатыр.

Сондай-ақ түсініктеме алу үшін құрылыс салушы BI-Group компаниясының баспасөз қызметіне хабарласып, мынадай жауап алдық: «Атырау қаласында BINOM мектептерінің ресми ашылуы 2023 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Білім ошақтары Нұрсая және Сарыарқа ықшамаудандарында орналасады. Оқу екі тілде жүргізіледі, оқушылар ҚР Білім министрлігінің үлгілік ережелері бойынша қабылданады. BINOM жобасы - білім беру жүйесіндегі түбегейлі жаңа әдіс. Оқу орындары озық технологиялармен және жоғары санатты құрал-жабдықтармен жабдықталады. Қазақстандық тегін инновациялық мектептер бренді сапалы білім беру мен үш ауысым мәселесін шешуде мемлекет үшін жақсы құралға айналды.

Мұнда ең алдымен Нұрсая және Сарыарқа ықшамаудандарының балалары қабылданады. Қазіргі уақытта Атырауда BINOM-ға қабылдау жүргізіліп жатқан жоқ. Іске қосу күні және басқа мәліметтер туралы барлық ақпарат сайтта және әлеуметтік желідегі @binom.school парақшаларында жарияланады.

Елена СҮНДЕТОВА

25 қаңтар 2023, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.