Атырау, 28 қараша 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа жылда – жаңа бағалар

Сурет
1 513 просмотра

Жыл басында зейнетақы, әлеуметтік төлемдермен бірге азық-түлік бағасының қатар өсетінін белгілі. «АЖ» тілшісі супермаркеттер мен базарлардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасымен танысып, өткен жылдың 4-тоқсанымен салыстырып көрді. 

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы «Лидерде» - 80, «Көктемде» - 110, «Сарайшық» пен «Дина» базарында 115 теңге, ал үй жанындағы дүкендерде 120 теңгеге жеткен. Нан бағасы 4-тоқсанмен салыстырғанда «Көктемде» +5, «Динада» +10 теңгеге қымбаттағанын байқауға болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық түліктің ішінде бағасы ең көп өскен - сиыр еті. Сиыр етінің (иық-кеуде сүйектері) бағасы желтоқсанда барлық базарда 2200-2400 теңгеден басталса, жыл басталғалы еттің сүйекті бөлігі «Дина» базарында 2500 теңгеден, «Сарайшықта» 2600 теңгеден, «Көктемде» 2700 теңгеден басталып 3200 теңгеге дейін жетеді. «Байзардағы» «Марко» супермаркетінде - 3700 теңге.

Ет бағасының өсуін «Сарайшық» базарындағы сатушылар биыл шаруашылықтар малды аз әкеліп жатқанымен байланыстырды.

- Бізге етті әр түрлі шаруашылықтан, әр түрлі ауданнан әкеледі. Ет көп болса, баға төмендейді. Ал тақтада былтырғы бағалар көрсетілген, - дейді сатушылардың бірі.

Тауықтың сан еті: «Сарайшық», «Көктем», «Динада» -1500, «Байзарда» 1650,  «Лидерде» 1099 теңге.

С1 жұмыртқасының 10 данасы «Сарайшық» пен «Дина» базарында 550, «Көктемде» 630 теңге, «Байзарда» 530, «Лидерде» 494 теңге. 

Былтыр жыл бойына біз бағасын бақылап жүрген «Моё» (2,5%), «Лактель» (2,5%) сүті биыл дүкен сөрелерінде жоқ. 

Анағұрлым төмен бағаны тұрақтандыру қорының нүктелерінен табуға болады. «Атырау» ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік-жеке серіктестігі жобаларының сараптамасын жүзеге асыру департаментінің директоры Дмитрий ДЮДЫҢ мәліметінше, 2022-2023 жылдарға арналған бағаны тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру мақсатында «Атырау» ӘКК» АҚ жергілікті сауда желілері мен көкөніс өндірушілеріне айналым қаражатын толықтыру үшін қайтарымды несие беріп, кәсіпкерлер бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын 2 жыл бойы ұстап тұруға міндеттелген.


- Бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрі шекті және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда құнынан аспайтын, сондай-ақ нарықтық бағадан орта есеппен 21%-ға төмен бағамен сатылуда. Ал сиыр етін бізбен келісімшарт жасаған сауда нүктелері қай өңірде ет арзан, сол  облыстардан ай сайын жеткізіп, халыққа сүйекті бөлігін павильондар 1998 теңгеден, «Идеал» 2098 теңгеден сатуда. Еттің қалған бөліктері басқа бағамен ұсынылады, - деп мәлімдеді Дю.


Көкөністерге келсек. Картоп «Дина» базарында - 220, «Көктем» базарында -250, «Сарайшық» базарында 200, «Лидерде» -225, «Байзарда» 210 теңге, тұрақтандыру қорының нүктелерінде - 180 теңге.

Пияз «Дина» базарында - 150, «Көктем» базарында - 250, «Сарайшық» базарында 180, «Лидерде» - 161, «Байзарда» - 208 теңге, тұрақтандыру қорында - 138 теңге.

Сәбіз «Дина» базарында -250, «Көктем» базарында -300, «Сарайшық» пен «Лидерде» -150, «Байзарда» 169 теңге, тұрақтандыру қорында – 150 теңге.

Қырыққабат «Дина», «Көктем» базарында -250, «Сарайшық» базарында 170, «Лидерде» -140, «Байзарда» 156 теңге, тұрақтандыру қорында – 160 теңге.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

26 қаңтар 2023, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.