Жылыой ауданы әкімінің 24 қаңтардағы өкімімен АДИНОВ Қадіржан (суретте – оң жақта) Құлсары қаласының әкімі болып тағайындалды.
Адинов Қадіржан Аманкелдіұлы 1991 жылы Құлсары қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «геодезия және картография» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы осы оқу орнын «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Атырау мемлекеттік университетінен «заңгер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2014 жылы Құлсары қаласы әкімі аппаратында штаттан тыс қызметкер ретінде бастаған. 2017-2019 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. 2019 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін Құлсары қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА