Атырау, 28 қараша 16:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: нені білу керек

1 782 просмотра

23 қаңтарда Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша қызмет көрсету басталды.

ХҚО-ның мәліметінше, автокөліктерді заңдастыру үшін өтінім, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет. 

Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болса, оны заңдастыруға болады. Сонымен қатар, көлік қылмыстық есепте болмауы тиіс және басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Заңдастыру талаптарына сай, құжат тапсырған соң нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен хабарлама жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет: алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір 9 660 теңге. 

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі. 

Шетелдік автокөлікті заңдастыру үшін өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қаңтар 2023, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.