Атырау, 22 қараша 00:13
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда тегін тіл үйрену курсы ашылды

1 672 просмотра

Бұл туралы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Лаура ҒАЗИЗОВА мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау тұрғындарында қазақ, орыс, ағылшын тіліне тегін оқу мүмкіндігі пайда болды.  20 жастан асқан қаланың кез-келген тұрғыны алдын ала тіркеле алады, оқу ақпан айында басталады. Орталықтың мәліметінше, ағылшын тобына енді орын жоқ, қазір наурыз айына топ қабылданып жатыр.

Л.Ғазизованың айтуынша, жобаны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы жүзеге асыруда. Мұнда алғашқыдан бастап, еркін сөйлеуге дейін үйретіледі. Бүгінде 15 орындық топтарда 70-ке жуық адам үйреніп жатыр, сабақ аптасына бес рет өтеді. Қазақ тілі 120 сағат, орыс тілі және ағылшын тілі 80 сағат көлемінде оқытылады.

- Дамыған және алдыңғы қатарлы ел болуымыз үшін бізде білімге деген талпыныс болуы керек және жаңа заманның сын-тегеуріндеріне тез бейімделе білу қажет. Мақсатымыз – Атырау тұрғындарының біліктілігін арттыру, бәсекеге қабілетті болуға жағдай жасау, – дейді Л.Ғазизова.

Курстың өтетін орны: Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, 12. Алдын-ала жазылу үшін 8(7122)51-95-27, 30-50-03, 30-50-11

және 87028072800, 8 702 634 58 45 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

23 қаңтар 2023, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.