Атырау, 16 тамыз 06:19
 дождьВ Атырау +14.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

«Бір жылдан кейін Атырауда иесіз жылу желісі болмайды»

1 554 рет қаралды

2025 жылға қарай қалада иесіз жылу желісі болмайды. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВ мәлімдеді.

– Қалада иесіз 11 шақырым жылу желісі бар. Проблемалар жыл сайын туындайды, оны кім жөндейтінін ешкім білмейтін. 2022 жылы қалалық ТКШ бөлімі оларды өз балансына алды, 6 шақырымы ретке келтірілді, қалғаны биыл жазда жөнделеді, – дейді А.Мұханбеталиев.

– Оларды «Атырау жылу жүйелері» АҚ балансына қашан өткізесіздер?

- 2024 жылы жылу қызметкерлері жылу тасымалдауға жаңа тариф қалыптастырады, біз осы кезеңде иесіз желілерді тапсырамыз деп келістік. Мұндай құбырлар барлық жерде бар – Жарбосынов көшесінің бойында, Авангардта... Негізінен олар 2010 жылы пайда болған – салынған, бірақ оған құжаты болмаған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қаңтар 2023, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.