Атырау, 24 қараша 03:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құранның жойылуына жауап ретінде Швеция туы өртелді

1 446 просмотра

Түрік белсенділері  Швеция елшілігінің жанында Швецияның туын өртеп жіберді, олар Құранның өртенуіне осылайша жауап қайтарды.

Түркиядағы Швеция елшілігінің жанында Швеция туы өртелді. Белсенділер бұл әрекетті толығымен видеоға түсіріп, кейін желіде жариялады. Оқиға орнында елдің барлық республикалық БАҚ өкілдері болды.

«Бір күні түнде біз кенеттен Стокгольмге келеміз!» деп айқайлады наразылық білдірушілер.

Түрік белсенділері Стокгольмде Құранның өртенуіне жауап ретінде осындай демонстрациялық әрекет жасады. Оқиғаға Швециядағы Түркия елшілігін алдында мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранның өртелуі себеп болды.

Әсіре оңшыл «Hard Deal» фракциясының жетекшісі Расмус Палудан жергілікті полицияның рұқсатымен мұсылмандардың қасиетті кітабының көшірмесін өртеп жіберген. Бұған дейін ол Анкараға шынайы сөз бостандығын көрсеткісі келетінін айтқан. Оның үстіне оны ондаған полицейлер белсенді түрде күзетіп, сырттан келе жатқан жұрттан қорғап отырды.

Айта кетейік, бұл Палуданның бірінші жанжалды әрекеті емес. Ол жақында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мүсінін Стокгольм қалалық мэриясының алдындағы шам бағанасына іліп қойды. Ал оның алдында да Құранды өртеген.


Түркия Сыртқы істер министрлігі Стокгольмде Құранның өртелуі Еуропадағы исламофобия, нәсілшілдік және кемсітушілік деңгейін көрсетеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ Құранның өртелуін Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да мұсылман елдерінің сыртқы істер министрліктері айыптады.

Мұндай текетірестің қалай аяқталатыны әзірге белгісіз. Алайда кейбір саясаткерлер НАТО-ға кірмек болған Швецияның енді өз үкіміне қол қойғанына сенімді. Түркия елдің НАТО-ға кіруіне алғашында қарсылық танытып, кейіннен бас тартты. Бұл ретте Түркия мен Венгриядан басқа 30 елдің 28-і  қабылдау туралы оң шешімін мәлімдеді.

Ал сенбі күні Түркия Сыртқы істер министрлігі: «Палуданның әрекеті Швеция қол қойған меморандумның лаңкестік ұйымдардың үгіт-насихатына тосқауыл қою міндеттемелерін ашық түрде бұзу болып табылады» деп ашық мәлімдеді.

23 қаңтар 2023, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.