Донецк Халық Республикасының жауынгерлері украин әскерилері пайдаланған Илон Масктың Starlink спутниктік байланыс жүйесінің абоненттік терминалдарын басып алды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне "Роскосмостың" бұрынғы бас директоры және әскери кеңесшілер тобының жетекшісі Дмитрий Рогозин хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Ғарыштық байланыс құралдары - бұл бөлек әңгіме. Біз Украина әскерлері пайдаланатын Starlink ғарыштық байланыс жүйелерінің бізге қандай пайда мен зиянын әкелгенін жақсы білеміз, міне, қолымыда қазір осы аппараттар, абоненттік жабдықтың өзі. Енді жүйе бізге бағыналы", - деді Рогозин.