Атырау, 14 маусым 10:41
 ашықВ Атырау +35
$ 451.38
€ 487.22
₽ 5.14

Ұлыбритания премьер-министріне қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды

1 214 просмотра

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак көліктен видео жариялады. Осылайша, оған қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Sky News басылымына сілтеме жасап.

Риши Сунактың баспасөз қызметі өкілдері әлеуметтік желілерде шенеуніктің Ланкашир округінің экономикасына инвестиция артқанын мәлімдеген видеосын жариялаған. Полиция ол жолаушылар орнында отырған кезде қауіпсіздік белдігін тақпағанына назар аударған.

Полиция мәлімдемесінде әлеуметтік желілерде Ланкаширде жүрген көлікте жолаушы ретінде отырған адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінетін видео тарап жатқаны айтылады. Ал бұл мәселе тексерілгеннен кейін лондондық 42 жастағы ер адамға айыппұл туралы хабарлама жіберілген. Алайда Риши Сунактың аты-жөні полиция мәлімдемесінде аталмаған.

21 қаңтар 2023, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.