Атырау, 5 желтоқсан 08:57
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Кәсіп ашуға көмектесемін деп алдаған

1 858 рет қаралды

Атырауда ірі көлемде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылдың мамыр айынан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта Алматы облысының 30 жастағы тумасы кәсіпкерлікті дамытуға тегін гранттар алуға «көмектесемін» деп 25 адамды алдап, жалпы сомасы 30 млн теңгені иемденген. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

Күдікті қазір қамауда отыр. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

21 қаңтар 2023, 00:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.