Бұл облыс әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін алған сыйақы. Сыйақы оның көмегімен анықталған параның жалпы сомасының 10% құрады, деп хабарлады бүгін Антикор.
- 2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді. Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді, - деп хабарлады ведомство. - Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Осы жылдың 3 қаңтарынан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына енгізілген.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА