Атырау, 28 қараша 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Заң бұзушылықтар хроникасы

1 896 просмотра

15 қаңтар күні №2 қалалық полиция бөліміне Орталық ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатыны туралы хабарлама түскен.

Учаскелік инспекторлар пәтерді тексергенде Алматы облысының 34 жастағы жалға алушының санитариялық талаптарды сақтамай, пәтердің едені мен жуынатын бөлмесінде бал өнімдерін дайындап, сауда орындарына сатып жүргенін анықтаған. Оның үстіне бұл кәсібінің рұқсат құжаты жоқ. Тиісті құжаттар Атырау қаласының санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

* * *

Бір күн бойы Атырау қаласының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасымен Mercedes, Hyundai, Toyota маркалы автокөліктерінің жолдың қақ ортасында қарсы қозғалыс жолағына шығып, өзге көліктерге кедергі келтіріп бара жатқан бейнежазбасын анықтады.

Патрульдік полиция қызметкерлері үш жүргізушіні ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің «Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан жол жүрiсi қағидаларын бұзу», «Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау», «Жүргізуші куәлігі жоқ адамның көлік құралын басқаруы», «Міндетті техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын жүргізу» деген бірнеше баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

* * * * *

Жүргізушілер патрульдік полицейлерді ұната қоймайды, бірақ керісінше, оларға алғыс айтатын жағдайлар кездеседі.

- Кешкі уақытта Атырау-Астрахань тас жолында көлігім бұзылып қалған еді. Мұны байқаған патрульдік полиция қызметкерлері келіп, көлігімді жөңдеуге көмектесті. Оларға алғысым шексіз, - дейді жүргізушілердің бірі.

* * * * *

Атырауда жыл басталғалы көлігіне ксенон, лэд жарық шамдарын орнатып, қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтіретін 100-ге жуық жүргізуші анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі («Техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтiн көлік құралдарын басқару») бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

* * * * *

Мақатта шаруа қожалығының иесі 20 бас сиыры қолды болды деген күдігін сейілткен полицейлерге рақмет айтты.

Шаруагер 26 желтоқсаннан бері жоғалған малын іздеп, Мақат аудандық полиция бөліміне 4 қаңтар күні жүгінген. Полицейлер далалыққа шығып, біраз уақыттан кейін малды аман-есен жайылымнан табады.

Полицейлер ірі қара иелерінен малды қараусыз қалдырмауды және табуға оңай болу үшін чип орнатуға кеңес береді.

* * * * *

Облыс аумағында «Мигрант» іс-шарасы жүргізілуде. Екі күн ішінде ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 206 фактісі анықталды.

Атап айтқанда, алты шетелдік азамат елден шығарылды, заңды бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан ҚР 75 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құрылыс нысандарында жеке басын куәландыратын құжатсыз осында заңсыз қызметпен айналысқан Өзбекстан Республикасының 24 азаматы анықталды. Олардың барлығы қабылдау-тарату орнына тапсырылды.

Бұдан басқа, 17 қаңтар күні көші-қон қызметінің қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Өзбекстан азаматын ұстап, Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобына тапсырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 қаңтар 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.