Атырау, 28 қараша 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тәркіленген балық кооперативтер арқылы сатылған

1 471 просмотра

Былтыр заңсыз деп танылған 2,5 тонна қара балық тәркіленіп, кейіннен халыққа сату үшін балық аулау кооперативтеріне тапсырылды. Бұл туралы Атырау балық инспекциясының бөлім басшысы Орынбасар ӘМІРЖАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Балық ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс аясында тәркіленді. Оның барлығы «Амангелді», «Абылай хан», «Тілекші» және «Надежда-1» ЖШС-не берілді.

Жалпы алғанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша 244 құқық бұзушыға жалпы сомасы 5 млн 69 мың 265 теңге айыппұл салынып, 1002 балық аулау және жүзу құралдары тәркіленді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

19 қаңтар 2023, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.