Атырау, 9 қазан 03:04
 дождьВ Атырау +12.6
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Нидерланд Украинадағы соғысты тезірек аяқтаудың жалғыз жолын айтты

1 791 рет қаралды

Ресей Федерациясының Украинаға қарсы басқыншылық соғысын аяқтай алатын жалғыз нәрсе – украиндықтардың жеңісі. Нидерланд сыртқы істер министрі Вопке Хукстра осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қандай жағдай болмасын, бұл қақтығысты шешудің жалғыз жолы – оны майдан алаңында жеңу екені анық. Сондықтан Украинаға көбірек қару қажет, біз шындыққа тура қарауымыз керек. Егер күш-жігерімізді шектесек, осы уақытқа дейін жасаған барлық ісімізден нәтиже болмайды", - деді Нидерланд СІМ басшысы.

Ол Ресейдің басып кіруі Украинада энергетикалық дағдарыс тудырғанын, басқыншының жойқын әрекеттері климаттың өзгеруін тездеткенін атап өтті.

"Күш-жігерімізді біріктіру арқылы біз бүгінгі қиындықтарды шешуде маңызды рөл атқара алатынымызға сенімдімін. Атап айтқанда, Украинадағы соғыста", - деп атап өтті Хукстра.

17 қаңтар 2023, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.