Непалда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған кейбір адамдар аман қалды, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Аман қалған адамдар саны нақты айтылған жоқ. Бірақ оларды ауруханаға жеткіілгені белгілі болды.
"Әзірше 29 мәйітті таптық, сонымен бірге аман қалғандардың біразын емделуге ауруханаға жеткіздік", - деді жергілікті шенеунік.
Куәгерлердің айтуынша, ұшқыштар төмен құлдилаған ұшақты әуежай мен ауылдан алыс алып кеткен.
"Егер ол бір минут кешіксе, ұшақ Рамгат базарына жақын орналасқан Покхарадағы ескі әуежайға құлауы мүмкін еді", - дейді қайғылы оқиға куәгерлерінің бірі.
Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жексенбі күні Катмандудан ұшып шыққан Yeti Airlines әуе компаниясының ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы Покхарадағы ескі және жаңа әуежайдың арасында апатқа ұшырады.