Атырау, 3 қазан 01:35
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

1 711 просмотра

Грузин және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы шілденің 19-ында Тбилисиде дүниеге келген. Грузияның халық әртісі. Орысша және гүржі тілінде бірнеше әндерінің авторы әрі орындаушысы, солардың арасында "Мои года". Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары – "Будь здоров, дорогой" (1981 ж.) және "Мужчины и все остальные" (1985 ж.).

Ол кеңес кинематографының әйгілі фильмдерінің бірінде – Георгий Данелия түсірген "Мимино" фильмінде бас кейіпкердің - гүржі текті Кеңес одағының азаматы Валентин Константинович Мизандари есімді ұшқыштың рөлін ойнаған.

15 қаңтар 2023, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.