Атырау, 3 қазан 03:25
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Сыныптың салқындығынан қашықтан оқуға көшірілді

1 391 просмотра

Атырауда №3 мектеп-гимназияның ата-аналары сыныптардың салқындығынан балалар қайта-қайта ауырып жатқандығын айтып шағымданды.

- Біздер 6 «ж» сынып ата-аналары жыл сайын кабинеттің салқындығын айтып шағымданып келеміз. Балаларымызды басқа жылы сыныпқа ауыстырмаса, сабаққа жібермейміз, - дейді ата-аналар.

Ата-аналар өткен жылдың 12 желтоқсанында осы мәселені көтеріп, мектеп директорына арызданған. Шағымнан кейін сыныпқа 3 электр жылытқышын әкеліп қойған. Алайда қазір ол да жасамай қалыпты. Мектепке барған сайын баламыз сырқаттанып келеді деген ата аналар 6 «ж» сыныпты жылы кабинетке ауыстыруды талап етті.

Атырау қалалық білім беру бөлімінің ақпаратынша, №3 мектеп-гимназиясының салқындығы туралы ата-аналардың әлеуметтік желідегі жазбалары бойынша аталған мектепке тексеру жүргізілген.

- Жалпы мектептің жылу жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Мектепте тек төрт кабинеттің температурасы 15 градус көрсетіп тұр. Қазіргі уақытта осы кабинеттерде 6 «ж», 9 «ж», 9 «и», 10 «а» сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды. Мектеп үш ауысымды болғандықтан осы сыныптарды басқа кабинеттерге ауыстыру мүмкіндігі жоқ, - деді білім бөліміндегілер.

Қазір облыстық білім беру басқармасы мектепке құрамында құрылыс мамандары бар комиссия құрған. Комиссия мәселені зерделеп, шешу жолдарын қарастырмақ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ата-аналар жолдады 

13 қаңтар 2023, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.