Атырау, 28 қараша 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Экологтар NCOC аралдарына тексеру жүргізеді

1 451 просмотра

12 қаңтарда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ өткен жылғы жұмыс қорытындысын жариялады. 2022 жылы 121 тексеру жүргізіліп, 241 заң бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 306 млн 595 мың 466 теңге айыппұл салынған.

Атап айтқанда, NCOC компаниясында қоршаған ортаны қорғау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзуға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше баптары бойынша 10 факті анықталды. Материалдар Атырау қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

Сонымен қатар, өткен жылдың 26 қарашасында қатарынан екі ауданда – Құрманғазы және Қызылқоғада топырақтың мұнай шламымен ластану фактісі анықталды. Екі жағдайға да кінәлі «SMART-OIL» ЖШС бұрғылау кәсіпорны, оған жалпы сомасы 3 млн 828 мың теңге айыппұл салынды. Ә.Бекмұхаметовтың айтуынша, бүгінде департаменттің талабы бойынша ластанған жерлер тазартылып, қалпына келтірілген.

Айнұр САПАРОВА

13 қаңтар 2023, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.