Атырау, 24 қараша 03:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

946 просмотра

Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кумтор" ісі бойынша Қырғызстанның экс-президентіне билікті немесе қызметтік бабын асыра пайдалануға қатысы бар, 1992 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісім жасау және 2003 жылы "Кумтор" жобасын қайта құрылымдау эпизодтарына немқұрайлылық танытқаны үшін айып тағылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісіне Қырғызстан Бас прокуратурасы. 

"Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды". Қырғызстанның Бас прокуратурасы

Асқар Ақаев 1990-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған, содан кейін қызғалдақ төңкерісінен кейін Ресейге кеткен.

Кумтор – Қырғызстандағы ең ірі алтын кен орны.

13 қаңтар 2023, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.