Атырау, 24 қараша 03:23
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбританияда жедел жәрдем дәрігерлері ереуілге шығып жатыр

918 просмотра

Жаңа жыл басталғалы Ұлыбританиядағы әлеуметтік наразылық өмірдің барлық саласын қамтып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Англия мен Уэльсте шамамен 25 мың дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушілері, диспетчерлер мен фельдшерлер ереуілге шықты. Кейбір науқастар ауруханаға өз бетінше баруға мәжбүр болған.

Кәсіподақтар бірінші санаттағы шұғыл қоңырауларға (мысалы, жүрек тоқтап қалса) жауап беру жалғасатынын айтты.

Наразылықтың себебі – үкімет ұсынған жалақының 4%-ға өсуі, ал инфляция 11%-дан асады. Келесі аптада медбикелер көшеге шығады.

 Ал 1 ақпанда ереуілге 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысуы мүмкін деп болжам жасалып отыр.

13 қаңтар 2023, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.