Өткен жылдың соңында әлеуметтік желілерде «KPI Inc.» ЖШС полипропилен өндіру кешенінде апатты жағдайда газ жағылғаны туралы ақпарат пайда болды. 2 желтоқсанда KPI баспасөз қызметі оны жоққа шығарды. Алайда Атырау облысы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды.
Экология басқармасының басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВТІҢ айтуынша, газ жағудың заңдылығы, сонымен қатар лимиттен асып кету мүмкіндігі және т.б. тексерілуде. Тексеру нәтижесі 17 қаңтардан кейін белгілі болады.
Еске салайық, желтоқсанда теріске шығарған кезде KPI баспасөз қызметі, басқалармен қатар, алауда жағылған газдың зиянсыз екеніне сендірген еді: «Зауыт жұмыс істей бастағалы технологиялық қондырғылардың жұмысын оңтайландыру және алауға жұмыс ортасының бақыланатын шығарындысы бойынша жұмыс жүргізілуде. Құрамы бойынша бұл газ зиянсыз. Бұл газ плиталарында жанатын газ».
Айнұр САПАРОВА