Атырау, 28 қараша 18:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қарабатанда «көл» жасаушыға 10 млн теңге айыппұл салынды

1 576 просмотра

Қарабатандағы жасанды «көл» туралы «АЖ» өткен жылдың желтоқсан айының басында жазған еді. Сол кезде әлеуметтік желіде Қарабатан маңындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында көлемі 6 гектарға жуық көлдің пайда болғаны туралы ақпарат жарияланды. Бүгін, 12 қаңтарда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ аталған факті бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысын айтты.

Оның айтуынша, тексеру барысында судан сынама алынған. «Karabatan Utilities Solution» ЖШС газ-химия кешені маңындағы учаскеде техникалық суды заңсыз (экологиялық рұқсатсыз) ағызу дерегі анықталды.

- Тексеру қорытындысы бойынша «Karabatan Utilities Solution» ЖШС-не 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, сонымен қатар «көлді» жою және су ағызылған жерді тазарту туралы ұйғарым шығарылды, - деді А. Бекмұхаметов. – Бұған сәуір айына дейін уақыт берілген. Біз бұл процесті бақылауда ұстаймыз.

Айнұр САПАРОВА

12 қаңтар 2023, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.