Атырау, 28 қараша 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Балық» атауын жамылып, ойын бизнесімен айналысқан

1 387 просмотра

Атырау облысы Құрманғазы ауданында балық дүкенінің атын жамылып, ойын бизнесін ұйымдастырған екі жергілікті тұрғын сотталды. Аудандық сот олардың 2 жылға бас бостандығын шектеді.

Сотта өткен жылдың мамыр айында Құрманғазы ауданы орталығының екі тұрғыны айына 50 мың теңгеге жалға алған «Балық – Рыба» деген жазуы бар дүңгіршектен ойын бизнесін ашқанын анықталды. Ал Қапшағай мен Бурабайдағы екі арнайы аймақты қоспағанда, ҚР-да ойын бизнесіне тыйым салынғаны белгілі.

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өткен жылдың 23 маусымы мен 4 тамызы аралығында «бизнесмендердің» заңсыз жолмен 3 миллион теңгеден астам табыс тапқанын анықтады.

Соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сотталушылар өз кінәсін мойындап, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді дауламай, процессуалдық келісім жасауды сұраған.

- Прокурордың, сотталушылардың және олардың қорғаушысының қатысуымен сот тергеуі барысында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Үкім қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін барлық мән-жайларды ескере отырып, бітімгершілік өндірісі аясында шығарылды, - деп хабарлады сот.

Айнұр САПАРОВА

12 қаңтар 2023, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.