9 қаңтар күні Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 1 келіге жуық синтетикалық есірткі сақтаған Қырғызстан елінің 22 және 20 жастағы екі азаматын ұстады.
Ұсталушының айтуынша, олар тыйым салынған «затты» такси арқылы Шымкент қаласынан тасымалдап әкеліп, Атырауда интернет арқылы сатпақ болған.
Екеуі де қамалды, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған суреттер