Атырауда жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның сайты.
"Бас Прокурордың бұйрығымен Руслан Өтегенұлы Айтимов Атырау облысы Атырау қаласының прокуроры болып тағайындалды" делінген хабарламада.
Р.Ө. Айтимов 1981 жылы туылған. Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.
Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.
2019 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Исатай ауданының прокуроры болды.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.