Жылыой, Исатай аудандарында да жаңа прокурорлар тағайындалды.
«Бас Прокурордың бұйрығымен Асхат Хабиболаұлы Қасымов Атырау облысы Жылыой ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Асхат Қасымов 1982 жылы дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.
Осы жылдар ішінде Атырау көлік прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры.
"Бас Прокурордың бұйрығымен Дәурен Түзелбекұлы Медетбеков Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры болып тағайындалды".Дәурен Медетбеков 1981 жылы туған. Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.
Қызмет жолында Мойынқұм, Жамбыл аудандары прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Тараз қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы прокурорының табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.
2017 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Жылыой ауданының прокуроры болды.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.