Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды.
"Бас Прокурордың бұйрығымен Еркебұлан Нұрымұлы Ермеков Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды".
Е.Н. Ермеков 1987 жылы туылған.
Прокуратура органдарында 2009 жылдан қызмет етеді.
Қызмет жолында Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, орынбасары, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары лауазымында болды.
Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.