Атырау, 28 қараша 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысынан сенаторлар сайлауы: бір орынға үш үміткер

1 166 просмотра

14 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өтеді. Атырау облысынан 3 үміткер тіркелді – олар «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК директоры Ғилман СӘРСЕМАЛИЕВ, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің директоры Бағыт ШЕРКЕШБАЕВА және Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек НӘУТИЕВ. Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар.

Оларды атыраулықтар белгілі бір дәрежеде біледі. Ә.Нәутиев Ноғаев пен Досмұхамбетов облыс әкімі болып тұрған кезінде Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, әлеуметтік, кейін ауылшаруашылығы мәселелеріне жетекшілік етті. Бағыт Шеркешбаева – белгілі ұстаз, 2019 жылы Атырау қаласының «Жыл депутаты» болып танылды. Ал Ғилман Сәрсемалиев облыстағы балық шаруашылығының өкілі.

Қазір Парламенттің жоғарғы палатасында Атырау облысынан сайланған сенаторлар Сағындық ЛҰҚПАНОВ пен Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ. Үш кандидаттың бірі өкілеттігі аяқталған Дүйсембаевтың орнына сайланады.

Еліміздің барлық өңірінде сенаторлар сайлауы өтеді. Әдеттегідей аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары сайлайды.

Әр кандидатқа республикалық бюджеттен 550 мың теңге бөлінді, оның 400 мың теңгесі теледидарда, радиода сөз сөйлеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мақала жариялауға, 70 мың теңге – бұқаралық сайлауалды шараларын өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға, қалған 80 мың теңге – көлік шығындарына жұмсалады.

Ал, келесі аптада Парламент Мәжілісі мерзімінен бұрын таратылады деп күтілуде.

Нұргүл БЕКБОЛАТҚЫЗЫ

11 қаңтар 2023, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.