Атырау, 28 қараша 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оқиғалар тізбегі

Бейнежазба
1 384 просмотра

Атырауда балшық жиі болатыны салдарынан автокөліктің мемлекеттік нөмірі көрінбей қалу фактілері кездеседі. Атырау қалалық Полиция басқармасының Патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында автокөліктерінің мемлекеттік нөмірі лас және көрінбейтін күйде басқарған жүргізушілерге ескерту жұмыстарын жүргізуде.

Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары назарына: аталған факті бойынша құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен ("Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi оқылмайтын көлiк құралын басқару") әкімшілік жауапкершілік көзделіп, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

* * * * *

Атырауда жыл басталғалы 102 арнасына 1312-ге жуық хабарлама келіп түскен

– Атап айтқанда, - отбасылық жанжал – 185, түнгі тыныштықты бұзғандар бойынша – 56, жол-көлік оқиғасына қатысты - 143 хабарлама тіркелген, - дейді Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар АТАМКУЛОВ. Ол «Сергек» бейнебақылау камераларының қаладағы көшелер мен адам көп шоғырланатын алаңдарда, көше қиылыстарында және көп қабатты үйдердің ауласында орналасқанын ескерте отырып, қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтар полицейлердің назарынан тыс қалмайтынын қаперге береді.

* * * * *

Қаңтардың 10-нан 11-іне қараған түні Атырау полициясының қызметкерлері бірнеше заңбұзушылық анықтады.

Мәселен, тәртіп сақшылары Азаттық даңғылы бойында салынып жатқан тұрғын үй кешені ауласынан мыс кабельді ұрлауға оқталу кезінде бұрын сотталған 41 жастағы азамат ұсталып, жедел тергеу тобына тапсырылды.

Алкогольдік мас күйде көлік құралын басқарған 2 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабына («Жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізуі») сәйкес хаттама толтырылды.

ВАЗ-2113 автокөлігін тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі («Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің басқаруы») бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігі мүлде болмаған 4 жүргізуші ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігіне («Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы») сәйкес 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сол түні Атырау қалалық патрульдік полициясының қызметкерлері Ресей Федерациясында тіркелген «ГАЗель» көлігін тоқтатты. Көлік құралын тексеру барысында 11 бас сиыр тәркіленді. Ұсталған 28 және 27 жастағы екі азамат Атырау ҚПБ-на жеткізіліп, жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған бейнежазба

11 қаңтар 2023, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.