Атырау, 28 қараша 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда бензин тапшы болуы мүмкін бе?

Толықтырылды
1 141 просмотра

Бүгін, 10 қаңтарда сұйытылған газдың уақытылы шығарылмауы себепті АМӨЗ-де каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды. «АМӨЗ» ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдіктеріне жүгінді.

Өзінің баспасөз хабарламасында АМӨЗ басшылығы былай баяндайды:

«Бірқатар аймақтардағы газжелілік мекемелердің сұйытылған көмірсутек газын (әрі қарай – СКГ) дер кезінде тасып шығармауы (тасып шығару жұмыстары ҚР Энергетика Министрлігі бөлген көлемге сәйкес жүргізілуі тиіс) себепті  «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-де бос орын қалмағанын хабарлайды. Сәйкесінше 2023 жылдың 10 қаңтарында АМӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты. 

Бірқатар технологиялық қондырғылардың тоқтауы нәтижесінде «Атырау МӨЗ» ЖШС келесідегідей мұнай өнімдерін шығару көлемін азайтты: СКГ – тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін; автобензиндер – тәулігіне 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін; дизельді отын тәулігіне 4 000 тоннадан  2 000 тоннаға дейін. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бекітілген өндірістік жоспардан ауытқымау мақсатында «АМӨЗ» ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдіктерін ҚР Энергетика Министрлігінің бөлу жоспарына сәйкес «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нен  СГК-ны тасып шығару жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды: 

• Ақтөбе облысы – 464 тонна 

• Қызылорда облысы – 1 977 тонна 

• Қостанай облысы – 3 683 тонна 

• Батыс-Қазақстан облысы – 3 589 тонна.

Қарапайым тілмен айтқанда, мұнай өнімдерін сақтайтын орынның жоқтығынан мұнай өңдеу қысқартылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, біздің қала мен Атырау облысы үшін алдағы күндері бензин мен дизель отыны тапшы болуы мүмкін.

Ал, зауыттағылар жанармай тапшылығы болмайды деп отыр. Мұнай өнімдерін өндіру жұмыстары қысқартылса да, сақталған өнім жетеді екен. 

Дайындаған Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

10 қаңтар 2023, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.