Қызылқоға ауданы Қоныстау ауылының тұрғыны аудандық полиция бөліміне екі сиырының жоғалғаны туралы арызданған. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер мал ұрлаған бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, құрықтады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 181-1 бабы («Мал ұрлығы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет