Бүгін, 9 қаңтарда Водников-2 ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде бес адам табиғи газға уланып қалды.
Үйдің иесі 42 жастағы әйел мен оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балалары зардап шекті. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық. ТЖД қызметкерлерінің алдын ала болжамы бойынша, оқиғаға газ плитасының ақауы себеп болған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ