Атырау, 24 қараша 03:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина мен Ресей тағы тұтқындармен алмасты

810 просмотра

Жексенбіде Украинаның шығысындағы жалғасып жатқан шайқастарға қарамастан, Украина мен Ресей тұтқындармен алмасу туралы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Украина Ресей келісім аясында 50 украин әскери қызметкерін босатқанын мәлімдеді.

Әскери тұтқындардың тағы бір сәтті алмасуы өтті. Біз 50 жауынгерімізді үйге қайтардық. Жалғасы бар. Біз барлық адамдарымызды үйге қайтаруымыз керек, сондықтан біз ары қарай бұл бағытта жұмысымызды жалғастырамыз", – деп жазды Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Твиттерде.

Ермак босатылған украин әскерінің суреттерін, сондай-ақ автобуста отырып Украинаның әнұранын шырқалған бейнежазбаны салды.

Ресей Қорғаныс министрлігі қайтарылған 50 ресейлік әскер Медициналық және психологиялық оңалту үшін Мәскеуге жеткізілетінін мәлімдеді.

9 қаңтар 2023, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.