6 қаңтар күні сағат 19.40-та Атырау – Орал тас жолында Махамбет ауданы, Сарайшық ауылының тұсында Hyundai Sonata көлігі басты жолда келе жатқан «Lada Priora» көлігімен соқтығысқан. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 47 жастағы Приора жолаушысы қаза тауып, сол көліктегі тағы екі жолаушы ауыр жарақат алған.
Марқұмның денесін және зардап шеккендерді Holmatro құтқару құралының көмегімен көліктен шығаруға тура келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы («Жүргізушінің адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Атырау облысы ПД жолдаған бейнежазба